АУА РАЙЫ: Астана және Ақмола облысында ескерту жарияланды


Астана қаласында 18 желтоқсанда және 19 желтоқсан күні түнде бұрқасын болады, оңтүстік-батыс желінің жылдамдығы 15-20 м/сек дейін жетеді.

Сондай-ақ, Ақмола облысында 18 желтоқсанда және 19 желтоқсан күні түнде бұрқасын болады, оңтүстік-батыс желінің жылдамдығы 15-20 м/сек болады, кей жерлерде 23-28 м/с-ға дейін жетеді.