Ауа райы болжамы: елімізде алдағы күндері аяз болады

Алдағы үш күнде ауа райы жауын-шашынсыз әрі аязды болады, деп хабарлады Қазгидромет.

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның ауа райына суық әрі ауқымды антициклон ықпал етеді. Сондықтан жауын-шашын болмайды. 

Ауа температурасы 2-5 градусқа нормадан төмен болады. Түнде және күндіз тұман түседі.


Read more: https://sputniknews.kz/regions/20171213/4028291.html