Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Кей жерлерде желдің екпіні 23м/с болып, жекелеген аудандарында көктайғақ болады. Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді. Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Астана қ: көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады,, күші 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде +6+8°С, күндіз
+13+15°С болады.
Алматы қ: көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Желдің күші 2-7, найзағай кезінде желдің екпіні 12 м/с боладыі. Ауаның температурасы түнде +12+14°С, күндіз +15+17°С болады.