"Бүгін сағат 12.00 ауа райының қолайсыздығынан Павлодар - Қарағанды және Павлодар - Астана жол трассалары жабылды", - деп хабарлады департаментте.
"Екібастұзға апаратын жолда қатты жел соғып, жол алды көрінбейді. Көліктер қардың құрсауына түсіп жатыр", - деп хабарлады тілші оқиға орнынан.
"Басқа бағыттардағы жолдардағы жағдай бірқалыпты", - деп атап өтті ТЖД.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, республикалық деңгейдегі жолдарды тазалау үшін 77 бірлік техника жұмылдырылса, облыстық жолдарға 95 бірлік техника тартылды. техника жұмылдырылса, облыстық жолдарға 95 бірлік техника тартылды.