Жауын-шашын Алматы облысы аймағының таулы өзендеріне мол түседі деп болжанып отыр. Осының салдарынан сол аймақтарда су тасқыны болып, таудың төменгі аймақтарында орналасқан елді мекендерді су басуы мүмкін.
«Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында барлық қала жұртшылығын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз», - делінген ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.