Ауа райының қолайсыздығына байланысты ел аймақтарында жолдар жабылды


Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды. 

Ал Қарағанды облысында жолдағы көктайғаққа байланысты 14 наурыз сағат 01.00-ден бастап «Алматы-Екатеринбург» тас жолының Қарағанды-Балқаш жол учаскесінде көлік қозғалысы барлық көлік түрлері үшін шектелді.

Сонымен қатар, Павлодар облысында жаңбыр жауып, жолдың көктайғақтануына байланысты бүгін сағат 06.20-дан бастап республикалық мәні бар жолдарда барлық бағыт бойынша жолаушылар автокөліктеріне шектеу қойылды.

Сондай-ақ 11 наурыздан бері Алматы облысында боранға және жолдың нашар көрінуіне байланысты «Үшарал-Достық» тас жолының 83-113 шақырымында жолдар жабық екенін еске саламыз.