Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелді

Атап айтқанда, Алматы облысында 30 қараша күні сағат 14:20-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран, жол көрінісінің шектелуі) "Үшарал-Достық" автожолының 93-184 шақырымында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. Сонымен қатар сол күні кешкі сағат 20:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран, жол көрінісінің шектелуі) "Алматы-Өскемен" жолының 79-170 шақырымында «Қапшағай-Сарыөзек» учаскесінде қоғамдық және жүк автокөліктері үшін жол қозғалысы шектелді. Сонымен қатар бүгін таңғы сағат 09:00 бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран, жол көрінісінің шектелуі) "Кеген-Нарынқол" автожолының 41-61 шақырымында "Кеген асуы" бойында, "Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас" жолының 152-164 шақырымында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Шығыс Қазақстан облысында 30 қараша күні сағат 21:30-дан бастап Алматы облысындағы жол қозғалысындағы шектеуге байланысты (боран, жол көрінісінің шектелуі) "Алматы-Өскемен" автожолының 683-615 шақырымында "Таскескен бұрылысы-Алматы обл шекарасы" учаскесінде қоғамдық және жүк автокөліктері үшін жол қозғалысы жабылды.