Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Естеріңізде болса, Каспийдегі қаза тапқандар саны он бір адамға жетті (бұған дейін 9 адам болған). Қазір қалған әскери қызметшілерді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қаза тапқандардың ресми тізімі әзірге жарияланған жоқ.
Отандық пабликтердің бірінде қайғылы оқиғадан бір күн бұрын Маңғыстау облысының тұрғындарына желдің күшею қаупі туралы ескерту хабарлама келгені туралы жазылады.
Сондай-ақ, бүгінде оқиға орнына әзербайжандық азаматтар келген. Құтқарушыларға өздерімен бірге ыстық тамақ пен сусындар әкелгені туралы хабар тарады.
Ал, Әзірбайжанның Сыртқы істер министрлігі қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты.
Айта кетейік, бүгін Каспийде әскери жаттығу барысында әскери қызметкерлер қаза тапты. Олардың 9-ының денесі бүгінде су бетіне шығарылған. 3 әскериді құтқару мүмкін болған. Қалған әскерилерді іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.