«Трасса дайын емес, қар еріп кетті, ал жасанды мұз төсейтін мүмкіндік жоқ», - делінген хабарламада.
Соған байланысты ерлердің жаттығулары кейінге қалдырылды. Жаттығулар бүгін таңғы сағат 10-да басталуы тиіс болатын.
«Трассаға жауап беретін мамандардың айтуынша, жасанды қар жасау үшін ауа температурасы кем дегенде -3 градус суық болуы керек, ал қазір бізде күн +6 градусқа дейін жылынды», - деп атап көрсетілген ақпарда.
Қазір, волонтерлер қары мол жерден қар тасып жатыр, «бүгінгі әйелдер арасындағы жарыс мәселесі шешіліп жатыр».