Аударылған Атырау-Алматы пойызына қатысты іс сотқа жетті


Естеріңізге сала кетсек, Алматы-Атырау бағытында келе жатқан жолаушылар пойызы биыл 19 сәуір күні Мақат стансасы маңында апатқа ұшыраған еді. 13 вагон рельстен шығып кетіп, 7-еуі аударылды. Абырой болғанда, адам өлімі болған жоқ. Бірақ сол сәтте пойызда болған 580 адамның  44-і дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Кейін апаттың себебін анықтаған мамандар теміржолдағы жөндеу жұмыстары сапасыз жүргізілген деген қорытынды шығарған. Яғни, жөндеу кезінде тиісті талаптар сақталмағандықтан рельске зақым келген екен.