Аударыспақ: Қазақстандық спортшы қарсыластарын 5 секундта ұтып жатыр

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Бірінші кездесуінде өзбек спортшысын ұтса, екінші айқаста моңғол спортшысын небары 5 секунд ішінде жеңді.

Біржан Қосалиев — аударыспақтан Қазақстан чемпионатының 10 дүркін чемпионы. Азия чемпионатын 3 рет ұтқан.

Бұған дейін Қырғыз жерінде өткен екі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы екенін де атап өткен жөн.

«2011 жылға дейін көкпармен айналысып жүрдім. Әу баста хобби болғаны рас. Кейін аударыспаққа ауыстым. Аударыспақ та, көкпар да ат үстінде өтеді. Яғни, ұқсастықтары көп. Содан болар, аса қиындық туындамады. Кейінгі жылдары шеберлігімді дәлелдеп, үздіктердің қатарынан табылып жүрмін. Бұл ретте, ұлттық спортқа қолдау танытып жүрген ел ағаларына алғысымды білдіремін», — деді Біржан Қосалиев.