Әуе акробаты Ниагара сарқырамасының үстімен жүріп өтті


Сарқырап аққан су, қосалқы арқандар мен сақтандырғыш құралдардың болмауы үлкен қауіп төндірді. Ник Валленданың бұл ерлігін көру үшін Ниагара сарқырамасының Канада жағына 125 мың адам, ал АҚШ жағына 4 мың адам жиналды. Осы шараны ұйымдастырған АВС телеарнасы әуе акробатының ерлігін тікелей эфирде көрсетті. Ник Валленда сарқыраманың үстімен жүріп өтуді ұзақ жылдар бойы армандағанын айтады. Соңғы рет Ниагара сарқырамасының үстімен жүріп өту 1896 жылы болған, сол кезден бері мұндай қылықтарға тыйым салынған еді. Канада мен АҚШ үкімет өкілдері алғашында Ник Валлендаға рұқсат бергісі келмеген, бірақ ақырында өз шешімін өзгертті.