Әуез Елубаев бильярдтан Қазақстанның абсолютті чемпионы атанды


Республикалық рейтингтегі үздік 8 тастаяқ шебері онда орыс бильярдының - қозғалмалы (динамикалық), құрастырмалы және еркін пирамида түрлерінен айналым жүйесі бойынша күш сынасты. Былтыр бұл мәртебеге шымкенттік Эмиль Мударисов ие болған еді. Өткен жылы Әлем чемпионы атанған халықаралық дәрежедегі спорт шебері, астаналық Әуез Елубаев биыл 2008 жылғы нәтижесін қайталап, екінші рет Қазақстанның абсолютті чемпионы атанды.