Әуезов театрының экс-директоры Ерлан Біләл сот белгілеген 52 млн теңгені әлі өтемей жүр

Әуезов театрының сотты болған экс-директоры Ерлан Біләл «Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері», «Жастар Одағы сыйлағының лауреаты» және «Құрмет» ордені сияқты мемлекеттік марапаттарынан айырмау туралы апелляциялық шағым түсірді. Бірақ Ерлан Біләл Алмалы аудандық соты белгілеген 52,5 млн теңге айыппұлды әлі төлемеген.

Сот оған айыппұлды төлеуге бір ай уақыт берген болатын. Біләл мырза арызды Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқановтың атына жолдаған.

«ҚР ҚК-нің 55-бабының 4-бөлігіне сәйкес, маған аталған қылмыстық тәртіп бұзушылық үшін әлдеқайда жеңіл жаза белгілеуіңізді және қосымша жаза тағайындамауыңызды және мемлекеттік марапаттарымнан айырмауды өтінемін. Жазалау және мемлекеттік марапаттарымнан айыру туралы шешім шыққанан кейін де мен өз кәсібіме адал болып қаламын ғой. Мен одан ары ұлы «Өнерге» қызмет етуге дайымын және марапаттарымнан айырмауды тағы да сұраймын»,- делінген Ерлан Біләлдің 2018 жылы 22 ақпанында жазған шағымында.

Дәл сондай қарсы шағымды «Сезам» қоғамдық қайырымдылық шығармашылық қорының директоры Қайрат Баянов та жазған.

«Ерлан Біләлге қатысты қылмыстық іс бойынша Алмалы аудандық сотының 2018 жылы 7 ақпанында шығарылған үкіміне байланысты жәбірленуші Қайрат Баяновтан қарсы шағым келіп түсті. 2018 жылы 15 наурызда іс Алматы қалалық сотының қылмыстық сот алқасының қарауына жіберілді. Уақыты мен қаралатын күнді қосымша хабарлаймыз» ,- деп мәлімдеді қалалық соттан Informburo.kz-ға.

Өз арызында жәбірленуші Алмалы аудандық сотының шешімін өзгертіп, Біләл мырзадан моральдық шығын ретінде 1 млн теңге ғана өндіруді талап етеді.


Еске салсақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл 1,5 млн теңге көлемінде «пара алуға оқталды» деп айыпталған болатын. Тергеу кезінде ол қылмысын толық мойындап, өз ісіне өкінген болатын.

 

Ұқсас тақырыптар: 

Ерлан Біләлді ұстатқан «Сезам» театрының директоры өзін Әуезов театрынан қуып шыққанын айтып шағымданды
Ерлан Біләл сотта соңғы сөзін айтты