Ауғанстанда қыздың үндемеуі некеге келісім деп танылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Amu.tv басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Құжатта неке бұзу тәртібі діни және құқықтық көптеген жағдайлар бойынша түсіндірілген. Олардың қатарында балалар некесі, күйеуінің жоғалып кетуі, діннен шығу, мәжбүрлі ажырасу, емізу арқылы туыстық орнауы және зинақорлық айыптары бар.

Ең көп талқыланған бөлімдердің бірі — «хияр әл-булуғ» ұғымы. Бұл ислам құқықтануындағы кішкентай кезінде үйлендірілген баланың ер жеткен соң некені бұзуға құқығы бар деген қағида.

Құжаттың 5-бабына сәйкес, егер кәмелетке толмаған ұл немесе қызды әкесі не атасынан басқа туыстары үйлендірсе, әрі болашақ жары «әлеуметтік тұрғыда лайықты» деп танылып, қалыңмалы әділ белгіленсе, онда мұндай неке заңды болып есептеледі. Бала ер жеткен соң сот арқылы некені бұзуды талап ете алады.

Ал егер болашақ жұбайы «лайықсыз» деп танылса немесе қалыңмал әділетсіз жоғары болса, мұндай неке жарамсыз деп есептеледі.

Жаңа ереже әкелер мен аталарға балалар некесіне қатысты кең өкілеттік береді. Дегенмен, егер қамқоршы қатыгез, психикалық тұрғыдан жарамсыз немесе моральдық тұрғыда бұзылған деп танылса, неке күшін жоюға мүмкіндік қарастырылған.

Айта кетейік, БҰҰ бұл шектеулерді бірнеше рет сынап, оларды адам құқықтарының жүйелі түрде бұзу деп атаған. Ал құқық қорғаушылар «Талибан» ислам құқықтануының қатаң түсіндірмелерін мемлекеттік заңдарға енгізіп, гендерлік шектеулерді заң жүйесі арқылы күшейтіп жатыр деп алаңдаушылық білдіруде.