Caravan Logo

Ауғанстанда су тасқынынан 33 адам көз жұмды

Ауғанстанда су тасқынынан 33 адам көз жұмды

Ауғанстанда жаңбыр суынан болған тасқыннан 33 адам қаза тауып, 27 адам зардап шеккен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

Талибан өкілі, Төтенше жағдайлар министрі Абдулла Жанан Сайек 12 сәуірде Ауғанстан астанасы Кабулда және басқа аймақтарда су тасқыны тіркелгенін хабарлады. Оның айтуынша, 600-ден астам үй қирап, 200-ге жуық мал қырылған. Су тасқыны 800 гектарға жуық алқап пен 85 шақырымнан астам жолға зиян келтірген.

Жергілікті гидрометеорологиялық қызмет Ауғанстанның провинциясының көпшілігінде алдағы күндері жаңбыр жауады деп ескертті. Жауын-шашынның көп бөлігі Газни, Кабул, Кандагар және Нангархар провинцияларына жауады деп болжанған.