Ауған соғысының ардагерлері арналған госпитальдің құрылысы бітер емес

Андерей Сухоруков Ауғанстанда интернационалдық борышын өтеген қазақстандық 17 мың жауынгердің бірі. Екі қолы мен екі аяғы сонда қалған. Қазір мүгедектігі үшін 38 мың теңге жәрдемақы алады. Бірақ онысы сыртқаты күн санап асқынған азаматтың тек дәрі-дәрмегінен басқаға жетер емес.

Андрей Сухоруков, Ауған соғысының ардагері:

-Бұрын жоғарыдағы госпиталь болған кезде жылына екі мәрте барып, емделіп келуші едім. Бірақ 2009 жылдан кейін ол жаққа өту қиындап кетті. Кейін тіпті, жөндеуге жабылып қатынды ғимарат. Содан бері қалдық қой қараусыз.

Интернационал жауыңгер «жоғарыда» деп меңзеп отырған госпиталь мына ғимарат. Медеу шатқалының төмеңгі тұсында орын тепкен.  Бірақ кешен осыдан 3 жыл бұрын «күрделі жөндеу жасалады» деп жабылған. Міне, сондан бері тек айналасы ғана қоршалды демесең, госпитальдің қаңырап бос қаңқасы ғана тұр. 

Марғұлан Шәкіров, «Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне арналған госпиталь» РМКК:

-2011 жалға дейін госпиталь жұмыс істеген. Жалпы саны 180 орынмен. Бірақ ғимарат тым ескі болғандықтан жөндеуге берілді. Қазір оның құрылысына кетер шығын есептеліп, бюджеттен қаржы бөлінуде. Тек ғимарат толық сүріліп, қайта тұрғызылатын болғандықтан, жұмысы тағы бірнеше жылға созылуы мүмкін.

Ал әзірге госпиталь емделушілерін төменгі, яғни кіші, мына, корпуста қабылдап жатыр. Мұнда орын саны 90 адамға шақталған. Сөйтіп, жылына шамамен 5 мың науқас ем алады. Тек бұл тізімге ілігу тым қиын.


Ермек Әжібаев, Ауған соғысының ардагері:

- Жылына бір рет келемін. Қазір қиын. Жүгіруің керек. Облыстық бөлімдер арқылы. Жергілікті аураханаларда жолдама жоқ.

Себебі кешенде Ұлы отан соғысы мен ауған ардагерлерінен өзге, Семей полигоны мен Чернобыль апатынан зардап шеккен науқастар да ем қабылдайды. Жалпы оның барлығын есепке алғанда аурухана 800 мың адамға көмек көрсетуі керек. Бірақ мекеменің жылына тек 5 мың науқасты қабылдауға қауқары барын ескерсек, барлығының дерлік дәрігер алдын бұл өмірде көре қоймасы анық.