Ауғанстан 2009 жылдың соңында Калашников автоматынан бас тартып, американдық М-16 бесатарды пайдаланатын болады

Пентагон осы жылдың ішінде Ауғанстанға 55 мың M-16A2 бесатарын жіберуді көздеп отыр, бұған дейін оларды АҚШ теңіз жаяу әскерінің корпусы пайдаланған. Ауғанстанға бұл қарудың 6 мың данасы бірінші рет 2007 жылы тасымалданды. Сондай-ақ, Ауғанстанның арнайы қарулы бөлімшелеріне 6 мың М -4 карабині жеткізілді.

Washington ProFile хабарлағанындай, "Калашников" қаруын ауыстыру бастамасы Ауғанстан армиясын қайта қаруландыру бағдарламасына жетекшілік жасаған АҚШ армиясының подполковнигі Майк Мак Магон ұсынысымен жасалуда.

"Пентагона military.com интернет-порталында подполковниктің қысқа сұхбаты жарияланып, онда ол Ауғанстанның оншақты жылдар бойы "Калашников" қаруын пайдаланылуының тоқтатылуы идеологиялық қадамның бір түрі деген. Ауғанстан сол арқылы өзінің бұрынғы өмірімен қош айтысатын болады ", - деп хабарлайды Washington ProFile агенттігі.

Мак Магонның пікірі бойынша, бесатарлармен қаруланған сарбаздар "Калашников" автоматымен қаруланған талибтер алдында басымдылығы болады. Яғни бұл бастаманың әскери себеп салдары да бар.

АК-47 салыстырғанда М-16 қолдануы күрделі болғандықтан ауған сарбаздарын қайта оқыту жағынан қиынға түседі, бірақ бұл мәселені шешуге болады деп санайды Мак Магон. Оның сөздері бойынша Ауғанстанда М-16 пайдалану тәжірибесі жақсы, бірақ Ауғанстан атқыштары американдық сарбаздарға қарағанда оқтарды көбірек пайдаланып, оны соляркамен ("Калашниковты тазалайтын тәсіл ,Washington ProFile ескертпесі) тазалайды.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Ирактың армиясы да "Калашниковтан" бас тартып М-16 пайдаланатын болады.