Ауғанстан БҰҰ-ның СПЕКА бағдарламасына мүшелікке өтті

"СПЕКА бағдарламасына қатысушы елдер оған Ауғанстанды да біріктіріп алу идеясына бір дауыстан қолдау білдірді",- деді Қ.Тоқаев.

Қазақстан сыртқы істер министрінің айтуынша, "қаржыландыру көлемі мен келешекте Ауғанстанда жүзеге асырылатын бағдарламалар туралы әзірге талқыланған жоқ". "Дегенмен Ауғанстанның СПЕКА бағдарламасына мүшелікке өтуінің өзі маңызды факторлардың бірі. Бұл - аймақ елдерінің аталмыш бағдарламаға деген қызығушылығының артқанын дәлелдейді".
БҰҰ-ның Орталық Азия елдерінің экономикасына арналған арнаулы бағдарламасы - СПЕКА-ға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Әзербайжан біріккен. 25-27-мамыр аралығында Астанада өткен конференция барысында СПЕКА бағдарламасына Ауғанстан да бірікті.
Конференцияда СПЕКА бағдарламасын нығайту және жаңалау жолдары талқыланып, 2005-2007-жылдарға арналған жаңа жұмыс жоспары жасалды.