Ауғанстан Президенті отпен ойнап отыр - НАТО Бас хатшысы


Альянс басшысы Карзайдың жақындағы НАТО-ға қатысты сыни мәлімдемесіне өкпелі екен. «Гильдменд провинциясына британдық сарбаз аяғын баспаса, онда бұл өңір аман-есен болар еді», - деп айтқан болатын Ауғанстан Президенті.
НАТО Бас хатшысы сәуірде сайланатын Ауғанстанның жаңа Президенті аталған келісімге қол қояды деп сенім артып отыр. Бұл құжатта 2014 жылдан кейін осы елде америкалық жауынгерлердің тобын қалдыруға қатысты құқықтық негіз қарастырылған.
Расмуссен өз сөзінде қауіпсіздік туралы келісімнен бас тарту салдарынан Ауғанстанға халықаралық қаржы ұйымдары тарапынан көмек көрсету міндеттемесі тоқтатылуы мүмкін екенін айтуда.