«Бірнеше минут бұрын біз сайлауалды митингтен кейін жолға шыққанда қасымызда бомба жарылды», - деп А.Абдулла телеарна эфирінен мәлімдеді.
Оның айтуынша, бірнеше күзетші жарақат алған, ал өзі дін аман.
Ауғанстан президенті сайлауының екінші кезеңі 14 маусымда өтеді. А.Абдулланың қарсыласы экономист Ашраф Гани болып табылады.
А.Гани «Твиттерде» қарсыласын өлтірмек болғандардың әрекетін айыптайтынын жазған.