Ауғанстанда парламент алдындағы жарылыс құрбандарының саны артты

Бұған дейін 10 кісінің қазасы жайлы хабарлағанбыз. Тағы 30-ға жуығы жарақат алған. Жайсыз оқиға күні бұрын ел астанасы Кабулда болған еді. Мұнда парламент ғимараты алдында жанкешті өзін жарып жіберді. Қаза болғандар мен жапа шеккендердің дені – бейбіт тұрғындар. Лаңкестік әрекет үшін жауапкершілікті «Талибан» қозғалысы өз мойнына алып отыр. Айта кеткен жөн, бұған дейін тәліптер ауған елінің бірқатар ауылын басып алған еді. Соңғы уақытта содырлардың ірі қалаларға шабуылдары жиілеп кеткен.