Ауғанстанда президент сайлауының қорытындысын жариялау сенбіге шегерілді

Бейсенбі күні дауыс берудің кезекті аралық қорытындылары жарияланбақ.

Өткен аптада жарияланған мәліметке сәйкес, бюллетеньдердің 50%-ға жуығын өңдеуден кейін Ауғанстан сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла 44% дауыспен алда келеді.

Екінші орында Ашраф Гани (33%), үшінші орында Залмай Расул (10%-дан астам) келеді.