Ауғанстанда президенттік сайлау қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Сайлау учаскелері маңында полицейлер мен әскерилерден жақсақталған қауіпсіздік шебі құрылды.

Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, ел астанасы Кабулға қарай барлық жолдар жабылды.

Бұдан бұрын тәлібтер 5 сәуірге белгіленген президенттік және муниципалдық сайлауларды өткізуге кедергі жасайтындығын мәлімдеген болатын.


Ауғанстан көшбасшысы Хамид Карзай мемлекет басшысы лауазымында екі мерзімін өткізді, сондықтан осы ел енді жаңа президентті сайлауы тиіс.