Ауғанстанда сапармен жүрген еліміздің өкілдері елді қалпына келтіруге Қазақстанның қатысу мүмкіндіктерін қарастырады

Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Осы күндері ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Әбдірахмановтың басшылығымен еліміздің бірқатар министрліктері мен ұлттық компанияларының өкілдерінен құралған делегация Ауғанстанда жұмыс сапарымен жүр",- деді Е.Ашықбаев.

Сапардың мақсаты - сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтудың негізгі бағыттарын талқылау, сондай-ақ коалициялық күштердің біріккен қолбасшылығы құрамында Ауғанстанды қалпына келтіру жобаларына Қазақстанның қатысу мүмкіндіктерін қарастыру.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті