Ауғанстанда содырлардың қонақүйге шабуылы барысында қазақстандық азамат көз жұмды

Ауғанстанда қайғылы оқиға болды. Түнде қарулы содырлардың ел астанасы Intercontinental қонақүйіне шабуылы барысында Қазақстан азаматы көз жұмды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Еліміздің сыртқы істер министрлігі баспсөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовтың мәліметінше мерт болған отандасымыз 40 жаста болған.

Сондай-ақ Әнар Жайнақовтың әлеуметтік желідегі жазбасында қазіргі кезде қазақстандық дипломаттар мен Ауғанстан қауіпсіздік қызметі және Сыртқы істер министрлігі өкілдері арасында мәйітті елге әкелу мәселесінің талқыланып жатқаны айтылған.