"Тәжікстан Республикасының президенті жанындағы Есірткіні бақылау агенттігінің байланыс офицерлері биылғы жылдың бірінші тоқсанында Ауғанстанда осы елдің құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып жасалған 9 операция нәтижесінде заңсыз айналымнан 300 кг есірткі тәркіледі. Барлық тәркіленген есірткі затының 253 килограммы героин", - деп хабарлады Тәжікстанның есірткіге қарсы мекемесі.
Сонымен қатар, Тәжікстан аумағына есірткі тасумен айналысқан Ауғанстанның 44 контрабандашысы тұтқындалды, героин жасайтын 2 өндіріс, апиын егілген 50 гектар алқап жойылды, көптеген қару-жарақ тәркіленді.