Ауғанстанда жер сілкінді

ҚР Ұлттық ядролық орталығынан келіп түскен жедел мәліметтерге сәйкес, 2012 жылдың 28 қазанында астана уақыты бойынша сағат 18:11-де (Гринфич бойынша сағат 12:11-де) Ауғанстан аумағында жер сілкінісі болды.

Оның ошағының координаттары: солтүстік ендіктің 36.55 градусы, шығыс бойлықтың 71.19 градусы. Магнитудасы - mb=4.9. Энергетикалық класы K=12. тереңдігі - h=210 шақырым.