Ауғанстанда жойқын жарылыс болды


Оқиға елдің шығысындағы Пактика ауданында орын алды. Жанкешті жол таңдамайтын темір тұлпармен орталық базарға кіріп келіп, жарылғыш затты іске қосқан. Қазірге дейін келіп түскен ақпаратқа сүйенсек, ең кемі 40 адам қаза тапты. Жарылыс тал түсте, базарда адам лық толы жүретін кезде болғандықтан, құрбандар саны тағы өсуі мүмкін. Әзірге бұл оқиға үшін жауапкершілікті ешқандай лаңкестік ұйым өз мойнына алған жоқ. Айта кетейік, Пактика өңірінде бұған дейін “Хаккани” лаңкестік ұйымы бірнеше мәрте жарылыс жасаған болатын.