Ауғанстандағы Кандагар әуежайында тәлібт­ер шабуылынан 14 адам көз жұмды


Бұл теракт үшін жауапкершілікті «Талибан» қозғалысының мүшелері өз мойнына алды, деп хабарлайды батыс БАҚ.
Олардың арасында бейбіт тұрғындар да бар.
Тәлібтер шабуылды кеше кешқұрым ұйымдастырған. Шабуыл барысында олар ауған әскерилерінің бірінің отбасын кепілдікке алды.
Ауғанстан, АҚШ пен НАТО әскері пайдаланып жүрген әуежайдағы арнайы операция кезінде тоғыз тәліб жауынгері өлтірілді.