Ауғанстандағы шахта жарылысынан 80-нен астам адам көз жұмды

Ауғанстандағы шахтада болған апат салдарынан 80-нен астам адам қаза тапты.


Бұл туралы Саманган провинциясы кеңесінің мүшесі Мохаммад Хашем Сарвариге сілтеме жасап, 1 TV телеарнасы хабарлады.

Сарваридің айтуынша, "шахтаның үш тоннелінде жарылыс болып, салдарынан 80-нен астам адам қаза тапты". Оның айтуынша, құрбандардың нақты саны әлі белгісіз.

TOLOnews телеарнасы хабарлағандай, оқиға Дара-э-Суф ауданында болған. Шахтаның құлауына көмір разрезіне іргелес ауылдарда естілген жарылыс себеп болуы мүмкін