Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
Екі жағында екі жеңгесі сыңсу айтып 60 жастағы қызды ұзатып жатқан видео желіде кеңінен таралып, түрлі пікірталар туғызуда.
"Қыз қай жаста кетсе де бақыты баянды болсын" ,- деген жазбамен жарияланған бұл видеоға әр түрлі ой айтылды.
https://www.facebook.com/100032590008401/videos/499554491674450
Желі оқырмандары бірі күліп мазақ етсе, екіншісі бақыт тілеп пікір қалдыруда:
"Бақытты болсын","Қыз қай жаста кетсе де бақытты болуға лайықты","Жақсы сыңсып жатыр","Бір шетінен күлкілі","Бір шетінен бұлда бақыт қой","Бақытты болыңыздаршы" - деді.
Дегенмен ұзатылған қыздың шын мәнінде қанша жаста екені және видеоның қашан әрі қайда түсірілгені белгісіз.