Әулиеатадағы 12 гектар жер отқа оранды


Онда қураған шөп өртеніп, 12 гектар жерді қызыл жалын шарпыған. Оқиға Меркі ауылынан 150 шақырым жерде орын алды. Өртті сөндіру үшін 40 адам мен 7 бірлік техника және бір тікұшақ жұмылдырылған. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен 4 сағаттай арпалысып, оқшаулады. Қазір өрттің шығу себептері мен шығын көлемі анықталып жатыр.