Аумақтық әділет органдарындағы кезектен тыс аттестациялау қорытындысы бойынша 28 қызметкер жұмыстан шығарылды

"Кезектен тыс аттестациялау шарасы аумақтық әділет органдары қызметкерлерінің иемденген лауазымдарына лайықтығын тексеру және олардың кәсіби біліктілік деңгейін анықтау үшін жүргізілді",- деді О.Жұмабеков.

Оның айтуынша, 493 қызметкердің иемденген лауазымдарына лайық емес екені анықталды. Олар 6 айдан кейін қайтадан аттестациялау шарасынан өтуі тиіс. Ал 28 қызметкер жұмыстан шығарылды.