Осы шулы оқиғаның шешімі туралы “Қазақфильм” студиясының Президенті әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
“Жалған ақпаратқа жүйелі жауап. Дұрыс түсінік болу үшін, қысқаша қайырайын. Үлкен мақала дүйсенбі күні шығады.
Бұл жерде, жобаға қатысы жоқ мені және Қазақфильмді кінәләу дұрыс емес. Қазақфильм де жәбірленуші. Қалай болмасын, “Алтын адам” жобасы жарыққа шығады. Шығармашылық топ қаламақысын алады. Соған сәл уақыт және сабыр керек.
Осыны пайдаланып, пиғылы басқа және бұл жобаға дым қатысы жоқ, осыны ұйымдастырған белгілі бір топқа айтарым………
Абыройды беретін Жаратқан және алатын да Жаратқан. Әуре болмаңдар”, - деп жазды ол.