Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Иттерді аяп, “оларға неге тиісесіңдер” дейді. Айналайын, өз үйіңде тұрған итің болса, сен оған қарайсың. Мен мұсылманда бейітінде тұрамын. Сенбесеңіздер, көлікке отырып “Кеңсай” бейітіне келіңдерші. Соның ішінде өріп жүр. Сонда жұма күні бір құран оқып кетейінші десең балаңды жіберуге қорқасың. Толған ит, олар көбейіп жатыр. Сендер қызықсыңдар, адамды аямай, ит жайлы айтасыңдар. Қарттар үйіндегі балаларымыз бар, мүгедек балаларымыз бар. Сендер оданша аутизммен ауыратын немесе басқа аурумен ауыратын балалар туралы айтпайсыңдар да, қайдағы жоқ ит туралы айтасыңдар. Қаңғып жүрген итті иә былай, иә былай қылу керек. Адамның басына бөлінген ақша иттің басына бөлінген ақшадан аз. Содан адам иттен жаман болды ма”, - деді актер.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда иттерге қатысты заң жобасы қоғамда қызу талқылануда.