"Ауру балаларға, қарттарға бөлінген ақшаны жегендер, бюджетті жымқырған жемқорлар ораза ұстап жүр": Журналист "жалған ораза ұстағыштар" туралы шындықты жайып салды

Оның сөзінше, мұндай жолмен Ораза ұстайтындар, бюджет ақшасын жегендері үшін, кінәларынан арылуға тырысатын көрінеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Бұл туралы ойын Данияр Есен өзінің Facebook парақшасында жазды. 

"Ауру балаларға, қарттарға бөлінген ақшаны жегендер, жолға бөлінген ақшаны, бюджетті жымқырған жемқорлар ораза ұстап жүр ма сонда?" деп шүйлікті ол. 

Көпшілік журналистің бұл пікірін қолдап, өз ойларын ортаға салған. 

"Сол күналарынан арылу үшін ораза ұстайды, арасында жұмаға барады дегендей, байғұстар қайтсін енді", "Халықтың ақысын жеп, елге қиянат жасаған алаяқ, қанішерлер ораза ұстап, қажылыққа барып, қалтасы толықтар мешіт салғанын көрдім. Ойлайтын шығар тазардым деп, атасының басы Құдайдың алдында жауап береді. Қажылыққа барсаң періште сияқты тазарасың деген уағызшылардың аузын тию керек. Солардың айтқаны қанша күнә жасап, меккеге барсаң болды, тазарасың дейді!", "Сөйтіп отырып,күніне 5 уақыт намаз оқығандарын қайтерсін..", "Кешірім сұрап ораза ұстайды,кейін ораза аяқталып бұрынғы әдетіне көшеді. Тағы солай жасайды. Сонда солай жүре бере ме?" деп жазды олар.