"Ауруханаға түстім": Айнұр Тұрсынбаева ел назарын өзіне аударды

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

"Менің өмірімде ең ауыр сынақ 2016 жылы келді. Есіме түссе әлі де жылаймын. Жалғыздық, қарыз, депрессия, стресс - бәрі бірінің артынан бірі келді.

Әсіресе ары қарай қалай күн көремін деп ойласам, өлгім келетін еді. Сату білмеймін, бірдеңе бастасам банкрот болып кетіп жатты. Квестра, апорт деген пирамидаларға кіріп, қалған ақшамнан айырылып, қарызға кіріп кеттім.

Мен сол кезде жылап жатып қалдым, ауруханаға түстім, елмен араласпадым. Ештеңе көмектеспеді, миым өліп қалған сияқты болды...

Түнімен мешітке барып, дұға жасап, ұйықтап жүрдім. Таңғы 6-7-де ұйықтап, кешкі 8-9-да оянып жүрдім. Сөйтіп жүргенде 9 ай өтті, 9 айда ішпей-жемей семіріп кеттім. Онлайн сабақтарды сатып алып, тыңдауға шамам келмей, жаба салатынмын. Сөйтіп жүріп, офлайн сабақтар мен кітапқа көштім.

Маған жаңа әлемнің есігі ашылды. Неге қиналғанымды, қарызға кіргенімді, ажырасқанымды - бәрін-бәрін түсіндім. Солай орнымнан тұрдым. Қазір солай қиналған адам көрсем, оқыңдаршы деп, айқайлағым келеді", - деді ол.