"Ауруханадан күніне 60 мәйіт шығарылады". Ақтөбеде хабарлама авторы іздестіріліп жатыр

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Әлеуметтік желілерді бақылау барысында WhatsApp мессенжерінде күн сайын туберкулез ауруханасынан 50-60 мәйіт шығатыны туралы ақпарат таратылғаны анықталды. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Хабарлама авторын анықтау мақсатында іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - деді Нұрмағамбетов.

Департаменттегілер жалған ақпарат тез тарайтынын, салдарынан үрей туғызып, халыққа психологиялық зақым келтіретінін айтады.

"Жалған ақпарат таратқаны үшін Қылмыстық кодексінің 274-бабы ("Көрінеу жалған ақпаратты таратқан") бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Осы бап бойынша шындыққа сәйкес келмейтін интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілердегі ақпарат авторлары мен таратушылар жауапқа тартылады",
- деді Нұрмағамбетов.