Олардың бәрі қала супермаркеттерінің бірінен сатып алған тоқаштан уланған. 11 шілдеден бастап жедел жәрдеммен бірінен соң бірі жеткізілген науқастардың 18-інен сальмонелла таяқшалары табылды.
Гүлраушан Сапарбек, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының инфекционист-дәрігері:
- Қазіргі таңда ауруханада жатқан науқастар саны – 20, 2-еуі шығарылды. 20 науқастың 13-і – ересектер, 7-еуі – балалар. 18 науқастан сальмонеллез диагнозы анықталды.
Әсел Әбдікәрімова, науқас:
- Түскенде жағдайым жаман болды. Қатты ауырдым, қызуым көтерілді. Қазір жақсымын. Биыл Астанада салмонеллез жұқтырғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 4 есеге өскен. Осы жаз айларына дейін де 160 елордалық астың азабын тартып үлгерді. Естеріңізде болса, наурызда «Старомодный» мейрамханасының 30 мейманы, екі айдан кейін колледж асханасында 70 адам уланып, ауруханаға жеткізілген болатын, - деп хабарлайды http://24.kz/.