"Ауруы асқынып, сепсиске айналған". Жан сақтау бөлімінде жатқан Жүрсін Ерманның жағдайы белгілі болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Taulik.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

Алматыдағы Орталық клиникалық аурухана өкілдері Жүрсін Ерманның денсаулығы толық бақылауда екенін айтады.

Мамандардың сөзінше, ақынның ауруы асқынып, сепсиске айналған екен. Дәрігерлер қарап жатыр, тиісті ем шаралары жасалып жатыр.