Australian Open турнирі тоқтатылды

Мельбурнде аптап ыстық салдарынан матчты тоқтатып, стадиондарды шатырмен жапты.

«Ақыры матчты үзіп, шатырды жапты-ау. Мен өз матчымды ойнап, жеңіп үлгердім!», - дейді ресейлік теннисші Анастасия Павлюченкова Twitter парақшасында.

А.Павлюченкова «Үлкен шлем» турнирінің екінші турында Люксембург өкілін жеңді.

Бұдан бұрын ыстық салдарынан канадалық Франк Данцевич матч кезінде бір минут есінен айырылып қалды, қытайлық Пэн Шуай құсып, өзін нашар сезінгенін айтқан.


Мельбурнде ауа температурасы 40 градустан асады.