"Аутизм хит диагнозға айналды": Невролог маман екінің біріне аутизм диагнозы қойылып жатқанын мәлімдеді


Бұл туралы ол Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Қазіргі таңда  аутизм хит диагнозға айналды. Атына қарамады, команда орындамады, қоғамға қосылмады деп аутизм қойып жатады. Мен сирек, шынайы аутизм болғанда  қоямын. Шынайы аутизм болған күннің өзінде ол қорқынышты емес. Ол баланы коррекция жасауға болады. Әрине ол - өте ұзақ еңбек, шыдау, қабылдау. Бірақ, біздің қазақта мынадай ұғым бар, аутизм деген диагноз қойылса, олар бірден гуглға кіреді. Ол жерде көп ақпарат шығады. Бұдан қазақ қоғамы аутизм диагнозын қабылдауға дайын емес екенін байқауға болады. Ең бірінші, отбасында үлкен төңкеріс болады. Кім кінәлі? Әрине, әйел кінәлі. Сол қабылдау периодының өзіне 2 жылдай уақыт жоғалтады. Қазіргі балалардың көбінде аутизм емес, сенсорикалық бұзылыс. Шынайы аутизм негізі емделмейді. Баланың аутизм секілді өзінің состояниесі болады. Ол бала үйлене алады, оқи алады. Бірақ сол жағдайға жеткізу үшін баламен ата-анасы жұмыс істеу керек", - дейді ол.