Ауыл маңына қоқыс төккені үшін айыппұл төледі - Алматы облысы


А.Коваленко өзінің үйінен шыққан коммуналдық қоқыстарды ауылдың шетіне шығарған, яғни қоғамдық орынды ластаған.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралған кезде А.Коваленко өз кінәсін толығымен мойындап, жасаған теріс қылығына қынжылып, өкінетінін айтқан.
Соттың қаулысымен А.Коваленкоға ҚР ӘҚБтК 434 б. 1 б. бойынша көзделген құқықбұзушылық жасағаны үшін мемлекет бюджетінің пайдасына 19820 (10 АЕК) теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.