"Бұл шара ішкі нарықты толтыру және тұтынушылар нарығындағы ауыл шаруашылық тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін қабылданып отыр. Етті, бірінші кезекте, осы өнімнің бағасы республикалық көрсеткіштен жоғары болып отырған Астана, Алматы және Ақтау қалаларында сатылуын ұйымдастыру жоспарланып отыр", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Министрліктің мәліметтеріне сүйенсек, ауыл шаруашылық өнімдерін сату нүктелері келесі мекенжайларда орналасқан: Астана қаласында - "Шапағат" ЖШС, Бөгенбай батыр даңғылы 69 үй; Алматы қаласында - "Әрекет групп" ЖШС, Төле би көшесі 202-а үй; "Жер ана" ауыл шаруашылық компаниясы" ЖШС, Ұлжан ықшамауданы 508 үй; Ақтау қаласында - "Берекет" МҚК, 23 ықшамаудан №100 ғимарат.