"Ауылдағы тауар өндірушілердің ішкі рыноктағы сұраныс қамтамасыз етілмей отырған дақылдар өндірісін ұлғайтуға ынталандыру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге бөлінетін субсидиялар көлемін бірнеше есе өсіреді", - деп мәлімдеді А. Есімов.
"Бұл ретте майлы дақылдар бойынша 1 гектарға арналған субсидия көлемі 1200 теңгеден 4800 теңгеге дейін, немесе төрт есе, қант қызылшасы бойынша 10 174 теңгеден 50 000 теңгеге дейін, яғни, шамамен бес есе, көкөніс бақша өнімдері бойынша 9000 теңгеден 12 000 теңгеге дейін, немесе 1,3 есе өсті", -деді ол.
Сонымен бірге, "картоп өсіруге де 1 гектарына 2500 теңге көлемінде субсидия енгізіліп отыр".
Бұған қоса "мал шаруашылығын дамытуда жетекші роль жем базасына тиесілі болуы себепті биылдан бастап астыққа арналған жүгеріге бөлінетін субсидия 660 -тан 2500 теңгеге дейін, немесе 3,8 есе ұлғайтылды, ал жемдік дақылдар бойынша субсидия бөлінетін тізімге біржылдық шөптермен қатар өткен жылдардағы көпжылдық шөптер де енгізілді".
"Ал еліміздің негізгі экспортқа бағытталған дақылы болып табылатын бидайға келсек, кейінгі кездері оларды сатып алу құны екі еседен артық өскендіктен, субсидия деңгейі бұрынғы қалпында, яғни, 1 гектарға 660 теңге күйінде қалды, бірақ, үкіметтің резервінен қосымша қаржы бөлінгенге дейін оның көлемін екі есе қысқарту көзделген болатын", - деді министр.