Ауыл шаруашылығы министрлігінің экс-шенеунігі сотталды


Бюджеттің 1 жарым млрд. теңгесін жымқырды деп айыпталған оны Астана қалалық соты 4 жылға соттап жіберді. Арман Құмашевтің қолына кісенді қаржы полицейлері былтыр салған еді. 10 айдан бері уақытша тергеу қапасында жатқан экс-шенеунікке сот үкімі енді шықты. Ол бюджеттің қаржысын өз меншігіндей көріп, соған әйелі мен туыстарының атынан Астананың қақ ортасынан 3 бірдей элиталық тұрғын үй алған,  бірнеше көлік тұрағы, бильярд ойнайтын орталықтар ашып тастаған. Жалпы, бұл  Су ресурстары комитетіндегі алғашқы жемқорлық дауы емес. Комитетті 7 жыл бойы басқарған Анатолий Рябцев 2009 жылы дәл осы Сәтпаев арнасын жөндеуге бөлінген қаржыны жеке пайдасына жаратып, 4 жылға сотталған еді.