Бүгін "Егемен Қазақстан" басылымында Дариға Назарбаеваның "Бақуатты ауыл – қуатты Қазақстан" атты материалы жарияланды.
Сенат спикері атап өткендей, бүгінде Ауыл шаруашылығы – Қазақстанның экономикасындағы негізгі сала. Ішкі жалпы өнімнің 4,4%-ы ауыл шаруашылығына тиесілі болғанымен, дәл осы ауыл шаруашылығында еліміздің еңбекке қабілетті тұрғындарының 14%-ы жұмыс істейді,
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің мәліметтері бойынша биылғы жылдың 1 қаңтарында экономиканың салалары бойынша ең төменгі орташа жалақы ауыл шаруашылығында және ол 127,3 мың теңгені құрады. Бұл былтырмен салыстырғанда 15,6% жоғары, алайда өсім – елдегі орташа көрсеткіштен біршама төмен,- деді Дариға Назарбаева.
Бұған қоса Сенат төрағасы ауыл халқының бақуатты өмір сүріп жатпағанына тоқталды және ауыл шаруашылығы саласының кенжелеп тұру себептерінің бірі Агроөнеркәсіп кешеніндегі процестерде болуы мүмкін екенін айтты.
Кірістердің жалпы өсіміне қарамастан ауыл адамдары дәулетті өмір сүріп жатқан жоқ екенін айтып ешкімді таңғалдыра алмайсың. Мүмкін осыдан елімізде ауыл шаруашылығы тұралап тұрған шығар? Бірақ бұған ауыл адамдарының кіріс деңгейінің төмендігі – себеп емес, бұл тікелей отандық Агроөнеркәсіп кешеніндегі процестердің салдарынан деп ойлаймын
, - деді Сенат төрағасы.
Көріп отырғанымыздай, қалыптасқан ахуал кәсіби тұрғыда қоғаммен, әсіресе өңірлердегі ауыл тұрғындарымен кеңінен талқылауды талап етеді. Келешегі бар немесе келешегі жоқ ауыл деп тану сияқты ауылдың тағдырына қатысты маңызды шешімдер көп жағдайда жергілікті мамандар мен тұрғындардың пікірлерін ескерместен, министрлік кабинеттерінде қабылданады,- деді Дариға Назарбаева.
Еске салсақ, қазір ауылдық елді мекендерде 7,7 миллион (ел тұрғындарының 42%) халық тұрады.