Ауыл шаруашылығы саласында ғылыми зерттеулерге шығыстар қысқарады

«Биыл ауыл шаруашылығында тек қана 3 млрд. теңге қысқартылады, яғни ғылыми зерттеу бағытында ғана қаржыландыру төмендейді. Дегенмен де, 20 млрд. теңге агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолдауға бөлінуде. Бұл тұрғыда мал, құс шаруашылықтарын дамыту, түрлі субсидиялар қамтылып отыр. Атап айтқанда, агроөнеркәсіп кешенін сауықтыруға 500 млрд. теңге көлемінде үлкен көмек жасалмақ», - деді депутат.

Сонымен қатар ол ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау жалғасатынын айта келе, «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша 2020 жылға дейін 3,2 трлн. теңге бөлу қарастырылғанын еске салып өтті.