ҚР Президенті жанындағы Шетел кәсіпкерлерінің 28-ші кеңесінде Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.
«Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі 15 жоба бойынша инвестициялық ұсыныстарды қарастыруда. Оның төртеуін кеңес басталар алдында, Нұрсұлтан Әбішұлы, мен сізге баян еттім. Олардың қатарында толығымен экспортқа бағдарланған қуаты 17 мың тонналық етті қайда өңдеу кешенін салуды жоспарлап отырған «Еуразия Агро Холдинг» ЖШС бар»,- деді министр ҚР Президентіне қарата.
Сонымен қатар оның сөзіне қарағанда сүт өнімдерін, өсімдік майын және құс шаруашылығын қамтитын жобалар да әзірленуде. Мәселен, аталған 15 жобаның үшеуі майлы дақылдарды қайта өңдеуді көздейді. Ал сүт өнімдері саласына германиялық Megli сынды компанияны тарту елімізде бұл салаға заманауи өндіріс пен технология тартуға, сонымен бірге шығарылған өнімдер экспорты географиясын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
«Бұл 15 жобаның жалпы болжамды құны шамамен 200 млрд. теңгені немесе 1 млрд. доллардан астам қаржыны құрайды. Бұл жобалардың барлығында да шетелдік капиталдық қатысуы бар. Тіпті, кейбірі 100 пайыз шетелдік компания болып табылады. Әсіресе, жоба бастамашыларын инвестициялық шығыстардың бір бөлігінің бюджеттен қайтарылуы қатты қызықтырып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырамыз», - деді А.Мамытбеков.